Fake News

Алаяқтар WhatsApp атынан тегін интернет-трафик ұсынады

Қазақстандықтар WhatsApp компаниясы атынан тегін 50 ГБ интернет-трафик алу жөніндегі нұсқаулықпен бөлісуде. Ол үшін пайдаланушыларға порталға өтіп, қысқа сауалнамадан өту ұсынылады. Бұл алаяқтық.

WhatsApp компаниясынан тегін 50 ГБ трафик алу туралы хабарлама 2020 жылы Желінің ағылшын тілді сегментінде кеңінен тараған. Оны тексерген фаткчекерлер мұндай хабарламалар фейк болып табылады деген қорытынды жасады.
Хабарламалардың фейк екендігін ақысыз трафик алу үшін сауалнамадан өтуге арналған сілтемеден байқауға болады. WhatsApp сайтында компанияның барлық ресми хабарламалары порталда жарияланатыны, оның мекен жайы whatsapp.com деп басталатыны айтылған.

Сауалнама парақшасына апаратын сілтеме ldivipvi3.xyz-тен басталады.

Біз пайдаланушылардың дербес деректерін алу үшін онлайн-сауалнамаларды пайдаланатын алаяқтар туралы бірнеше рет жазған болатынбыз.
Алаяқтықтың бұл түрі фишинг деп аталады. Бұл туралы және кибер алаяқтардың құрбаны болмау жайлы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button