Fake News

Фейк: «Аспаннан өкпе ауруларын тудыратын құрттар шашады»

Қазнетте тараған бейнероликте автор өз автомобилінің төбесінен жиналған шаңды микроскоппен зерттейді. Оның айтуынша, үлгіден өкпе ауруын тудыратын құрттар табылған. Оларды ұшақтар барлық жерге шашады екен. Бұл жалған.


Бұл идея химтрейлер коспирологиялық теориясына негізделген, ешқандай дәлелі болмағандықтан ол бірнеше рет теріске шығарылды.
Ролик авторының шаңда құрттардың анықталуы туралы сөздері сенімсіз. Біріншіден, видеоның өзінен автордың нақты нені қарап жатқанын айту мүмкін емес, екіншіден, көрсетілген нысандардан тіршілік белгілері байқалмайды.
Сондай-ақ, кейде үйде жай шаңның өзінен тірі ағзаларды – шаң кенелерін табуға болатындығын атап өткеніміз жөн. Олар дерматит, аллергиялық ринит және конъюнктивит тудыруы мүмкін. Алайда, оларды ұшақтардан шашпайды – бұл өрмекші тәріздес құрттар үйлерде болады және адам терісінің өлі жасушаларымен қоректенеді.
Шаңның магнитке тартылатыны туралы мәлімдемелер де қастандық теориясын дәлелдемейді. Мысалы, шаң жиналған жерге жақын маңда өнеркәсіптік кәсіпорындар болса, ол магниттей тартылуы мүмкін. 
Сондай-ақ, видео авторы өзі тапқан «құрттар» өкпе ауруларын тудыруы мүмкін деген тұжырымына ешқандай дәлел келтірмейді.
Осылайша, көшедегі шаң үлгісін микроскоппен зерттеген видео химтрейлдер теориясын және оның құрамындағы құрттардың өкпе ауруын тудыруы мүмкін екенін дәлелдемейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button