Fake News

Негізсіз: «Жерлеу бюросының директоры вакцинацияланған адамдар иммунитеттің төмендеуінен жаппай қайтыс болуда деп мәлімдеді»

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар Ұлыбританиядағы жерлеу бюросының директоры сөз сөйлеген видеомен бөлісуде. Кадрда ер адам соңғы кездері COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған адамдардың жаппай өліп жатқанын байғананы айтады. Оның айтуынша, өлімнің себебі – иммунитеттің мүлдем төмендеп кетуі. Бұл жалған.


Видеода сөз сөйлеген адам – Джон О ‘ Луни, Ұлыбританияда Милтон Кейнстегі жерлеу бюросының менеджері. Ол вакцинацияға қарсы және covid-диссидент. Оның бұрынғы мәлімдемелерінің ешқайсысының шынайылығы расталған жоқ. Мысалы, ол маска тағу пайдасыз, пандемия – бұл әлемдік қастандық, «дельта» нұсқасы вакциналардың жанама әсері және COVID-19-дан қайтыс болған барлық адамдар іс жүзінде вакцинациядан көз жұмды деп айтқан.
Талқыланып отырған видеода жерлеу бюросының басқарушысы вакциналардың иммунитетті төмендететіні соншалық, ол тіпті әлсіз бактериялармен және вирустармен күресе алмайды, бұл вакцинацияланған адамдардың өліміне әкеледі дейді. Алайда, бұл пікірлер ғылыми мәліметтерге қайшы келеді. Жалпы, вакциналардың және COVID-19 алдын алуға арналған препараттардың әсерін ғалымдар зерттеді. Олар вакциналар иммунитетті төмендете алмайды деген қорытындыға келді.
Вакциналар иммундық жүйе жұмысының төмендеуіне әкелуі мүмкін деген теорияның өзі The Lancet журналының ғылыми мақаласында келтірілген деректермен манипуляция жасауға негізделген. Онда вакцинациядан кейін SARS-CoV-2 коронавирусына бейтараптандыратын антиденелердің белсенділігі туралы жазылған.
Кейіннен еңбек авторларының бірі Дэвид Бауэр түсіндіріп өтті. Ол зерттеу вакциналардың иммунитеттің бұзылуна әкеледі деген нұсқасын растайды деген қауесетті жоққа шығарды. 
Вакциналар иммунитетті әлсіретеді деген теорияны ҚР ДСМ МжФБК дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, иммунолог Павел Дерябин де жоққа шығарды.

Фейк: «Вакцинациядан кейін иммунитет елітеді»

Демек, жерлеу бюросының жетекшісі Джон О ‘ Лунидің тұжырымы – ғылыми мақаланы дұрыс түсіндірмеуге негізделген оның жеке пікірі. Ғалымдар екпелердің иммунитетті төмендетуге және жаппай өлімнің себебі болуы мүмкін екендігіне ешқандай дәлел таппады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button