Fake News

Фейк: «Коронавирус мутацияға тез ұшырайтындықтан SARS-CoV-2 қарсы вакциналардың барлығы тиімсіз»

Әлеуметтік желілерде коронавирусқа қарсы вакциналарды әзірлеу сәтсіз аяқталды деген ақпарат таратылуда. Хабарлама авторларының пікірінше, вирус мутацияға тез ұшырайтындықтан қолданыстағы барлық вакциналар тиімсіз және ауру жұқтыруға ықпал етеді. Бұл жалған.


Кез келген вирус сияқты SARS-Cov-2 де мутацияға ұшырайды. Бірақ бұл вакцина тиімсіз болады дегеннің белгісі емес.
Эволюция барысында вирус вакцинаға қарсы төтеп бере алатыны рас. Алайда, бұл процесс көп жағдайда бірнеше жылға созылады.
Бұған сары безгекке, қызылша мен мысқыл ауруына қарсы вакциналар дәлел бола алады. Олар өткен ғасырдың 30-70 жылдары жасалған және әлі де тиімді. Сонымен қатар, осы ауруларды тудыратын вирустар да мутацияға ұшырайды, ал кейбіреулері коронавирустарға қарағанда тез өзгереді.
Жаңа SARS-CoV-2 мутацияларына қарсы қолданыстағы вакциналардың тиімділігін зерттеулер дәлелдейді.
«Спутник V» вакцинасы тиімділігін жоғалтпай британдық штаммнан қорғайтыны расталды. Препарат оңтүстікафрикалық штаммымен күресе алады, бірақ тиімділігі төмендейді.
Зерттеулерге сәйкес, QazVac Ухань, британдық және үнді штамдарына қарсы тиімді.
Moderna вакцинасы да британдық және оңтүстікафрикалық штамдарға төтеп бере алады.
Pfizer/BioNTech вакцинасы бізге белгілі үш мутацияланған штаммнан қорғайды. 
Вакциналар СОVID-19 жұқтырады деген де жаңсақ пікір. Вакциналар біздің иммундық жүйемізді коронавирустан қорғауға үйретеді және қорғаныс антиденелері мен Т жасушаларын қалыптастыра бастайды.

https://stopfake.kz/kk/archives/9177

Хабарламадан алынған тағы бір тезисте СОVID-19-ға қарсы вакцинация инфекцияның антиденеге тәуелді күшеюіне әкеледі делінген. Бірақ іс жүзінде, COVID-19 жұқтырған вакцинацияланған адамдарда мұндай құбылыстар байқалмаған. Бұл туралы біз жазған едік. 
Public Health England ағылшын агенттігі вакцинацияның пандемияға әсері бойынша зерттеу жүргізді. Модельдеу нәтижесінде алынған мәліметтер Ұлыбританияда вакцинация бүгінде 7,2 миллионға жуық ауру жұқтыру жағдайларының және 27 мың адамның өлімінің алдын алғанын көрсетті.
«Вакцинация бағдарламасы алдын алған инфекция жұқтыру мен өлім-жітім көрсеткіші аса жоғары, сонымен қатар ол вакцинация кезеңінде экспоненциалды түрде өсуде», – деп түсіндірді зерттеу авторларының бірі Пол Биррелл.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button