Fake News

Фейк: «Балаларға арналған КВИ қарсы қандай вакцина Қазақстанға әкелетінін халықтан жасыруда»

Әлеуметтік желілерде балаларды COVID-19 қарсы иммундауға арналған қандай вакцинаның елге әкелетінін халықтан жасыратыны туралы хабарлама таратылуда. Автордың пікірінше, Pfizer шығарған екі түрлі вакцина бар және олардың қайсысы Қазақстанға жеткізілетіні құпия. Бұл жаңсақ пікір, себебін түсіндіріп өтейік.

Фрагмент видео

Роликтің авторы вакцинаның атына күмән келтіруде. Кейбір дереккөздерде оны Pfizer-BioNTech, ал басқаларында Comirnaty деп атайды. Бұл іс жүзінде бір препарат. Оның өндірушілері екі біріккен компания болып табылады: Pfizer және BioNTech.
Олар әзірлеген препарат Comirnaty сауда маркасымен белгілі. Бұл екеуі бір вакцина екендігі АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын қадағалау басқармасының (FDA) сайтындағы мақұлдау хатта көрсетілген. 
Бұл вакцина 12 жастан асқан балаларға қолдануға мақұлданған. 
Вакцина, оны мақұлдау процесі және оның қауіпсіздігін растайтын құжаттар туралы толық ақпаратты FDA сайтынан оқуға болады.
Айта кетейік, Comirnaty атауымен белгілі Pfizer-BioNTech вакцинасы ДДСҰ шұғыл пайдалану үшін мақұлдаған жеті екпенің бірі.
Препараттың толық құрамы, жанама әсерлері, егу, сақтау, тасымалдау ережелері және басқа да деректер туралы ақпаратты мына жерден алуға болады.
Демек, халықтан балаларды иммундау үшін елге әкелу жоспарланып отырған нақты вакцинаның атауын жасырып отырғаны туралы теория дұрыс емес. Ол баршаға қолжетімді деректерді дұрыс түсіндірмеуден шыққан.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button