Дәлелсіз: «Балалардың коронавирусқа қарағанда вакцинадан қайтыс болу ықтималдығы үш есе жоғары»
Әлеуметтік желілерде COVID-19 қарсы вакциналар балаларда елеулі жанама әсерлер тудырады, ал препараттан болатын өлім аурудың өзінен гөрі жоғары екендігі жайлы ақпарат таратылуда. Авторлар Пауль Эрлих институтының мәліметтеріне сүйенген. Бұл ақпарат расталмайды.
«Балаларды вакцинациялауды зерттеу: елеулі жанама әсерлерді жасыруда, Пауль Эрлих институтының ресми мәліметтеріне сәйкес, балаларда өте сирек кездесетін коронавирусқа қарағанда олардың вакцинадан қайтыс болу ықтималдығы үш есе жоғары», – делінген хабарламада.
Автор сүйенген Пауль Эрлих вакциналар мен биомедициналық препараттарды зерттеу институты, керісінше, вакцинациядан кейінгі ықтимал жағымсыз әсерлер туралы ақпарат жинап, олардың негізінде есептер дайындап, ұдайы жариялап отырады.
Айта кетейік, Пауль Эрлих институтының есептерінде вакцинаның адамның жағдайының нашарлауының негізгі себебі болғанына қарамастан, КВИ қарсы екпеден кейін әл-ауқаттың өзгеруі туралы мәліметтер жинақталған.
Сондай-ақ Институт клиникалық сынақтар жүргізуге және медициналық препараттарды сатуға рұқсаттар береді, препараттардың, оның ішінде вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігіне тексерулер жүргізеді.
2021 жылғы 20 қыркүйектегі есепте 12-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында вакцинациядан кейінгі ықтимал жанама әсерлер туралы мәліметтер ұсынылған. 3 айда (2021 жылғы 31 мамырдан бастап 31 тамызға дейін) жағымсыз реакция туралы 1228 хабарлама келіп түскен. Инъекция орнындағы ауырсыну, бас ауруы, шаршау және қызудың көтерілуі сияқты жағдайлар жиі кездеседі.
Аталған кезеңде үш адам қайтыс болды. Бұл жағдайлардың вакцинациямен байланысы дәлелденген жоқ. Екі жасөспірім басқа аурулардың ауыр түрімен ауырған.
Сонымен қатар, 2021 жылғы 7 қазандағы жағдай бойынша Германияда 19 жасқа дейінгі топтарда COVID-19-дан көз жұмған 27 адам тіркелді.
Демек, «балалардың вакцинадан қайтыс болу ықтималдығы коронавирусқа қарағанда үш есе жоғары» деген тұжырым негізсіз.
Балалар коронавируспен өте сирек ауырады деген де жаңсақ пікір. Балалар COVID-19 ересектер сияқты жұқтырады және таратады, бірақ көбінесе ауру жеңіл және симптомсыз түрде өтеді.
Алайда, кейбір жағдайларда, балаларда (негізінен мектеп жасындағы), COVID-19 жұқтырған кезде, көп жүйелі қабыну синдромы сияқты ауыр аурудың пайда болу қаупі бар.
Сондай-ақ, ұзақ мерзімді COVID болуы мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, коронавирус жұқтырған балалардың шамамен 2%-ында сегіз апта бойы басылмайтын ауру белгілері болады.
«Ұжымдық иммунитетке» тоқталсақ, бұл ауру қоғамда таралуын тоқтатқан кездегі иммунитет деңгейі. Балалар – халықтың бір бөлігі. Енді Дельта нұсқасы бар болғандықтан, иммунитетке популяция деңгейінде қолжеткізу үшін егілген халықтың пайызын барынша арттыруымыз керек. Балалар – қоғамның бір бөлігі. Халықтың басым бөлігі вакцинацияланбаған болса, қалыпты өмірге оралу қиындау болады», – дейді Бостон медициналық орталығының медицина және жұқпалы аурулар профессоры Сабрине Ассуму.