Fake News

Фейк: «Қарасай ауданында перзентхана провизорлық госпитальға қайта бейімделді»

Instagram-да Алматы облысының Қарасай ауданында перзентхананың провизорлық госпитальға қайта бейімделгені туралы ақпарат тарады. Нәтижесінде, 70 босанған әйел түнгі сағат бірде басқа ғимаратқа көшуге мәжбүр болған. Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.


– Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының әкімшілігі Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасында COVID-19 емдеуге арналған бірінші және екінші деңгейдегі инфекциялық бөлімшелер бар екендігі туралы хабарлайды. Сәйкесінше, жүкті, босанған әйелдер, босанғаннан кейінгі әйелдер мен балалар үшін де бөлімдер қарастырылған. Қарасай КАА әкімшілігі халықты емдеу үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға тырысуда. Әлеуметтік желілерде дүрбелең мен арандатушылық хабарламаларға бой алдырмауды өтінеміз, – делінген хабарламада.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button