Жаңалықтар

Фейк: «Қостанайда мантудан кейін екі оқушы қайтыс болды»

WhatsApp мессенджерінде Қостанай қаласының №7 мектебінде балалардан Манту сынамасы алынғаны туралы аудио хабарлама таратылуда. Нәтижесінде төрт бала реанимацияға түсіп, екеуі қайтыс болған екен. Бұл фейк.

Бұл ақпаратты Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы жоққа шығарды.
«Қостанай қаласының №7 мектебінде екпеден кейінгі балалардың өлімі мен ауыр жағдайы туралы ақпарат – өтірік», – делінген ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от управление здравоохранения (@upravleniezdravo.kst)

«Костанайские новости» аймақтық газетінің сайтында полиция фейк авторларын іздеуге кіріскені айтылған. Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі кезде Қазақстанда балаларға COVID-19 қарсы екпе салынып жатқан жоқ. Жасөспірімдер арасында егу науқанын қазан айында, Pfizer-BioNTech шығарған Comirnaty вакцинасы елге әкелінген соң бастау жоспарланған.

1 қыркүйекте БАҚ препараттың Қазақстанда уақытша тіркелгенін хабарлады.

Бүгінде вакцина бес жастан 11 жасқа дейінгі және алты айдан бес жасқа дейінгі балаларда клиникалық сынақтардан өткізілуде. Нәтижелері алдағы айларда жарияланады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button