Жаңалықтар

Фотофейк: «Фашистік Германияда екпе алмағандарды дәмханаға кіргізбеген»

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар витринаның алдында тұрған фашистік Германия жауынгерінің фотосуретімен бөлісуде. Ол қолында «Кафе-бар». Чекпоинт. Вакцинасыз кіруге болмайды» деп жазылған тақтайша ұстап тұр. Бұл фейк.

Таралған фотосурет графикалық редакторда өңделген. Қоғамдық резонанс туғызу үшін жауынгердің қолындағы тақтайшадағы жазбаны әдейі өшіріп, өзгерткен.
Біріншіден, жазу заманауи шрифтпен жазылған және 1930-1940 жылдары қолданылған қаріптерге сәйкес келмейді.

Екіншіден, суретте Е әрпінсіз жазылған CHKCPOINT «Чекпоинт» сөзі ол кезде тек авиацияда ғана қолданылған. Ол ұшақтың биіктігін көзбен өлшеуге мүмкіндік беретін ландшафт немесе сәулет объектілерінің белгілі бір биіктігін білдірген. Ал «Тексеру орны» мағынасында бұл сөз 1950 жылдан кейін, Үшінші Рейх жойылған кезде ғана қолданыла бастады.

Желіден жауынгердің қолындағы тақтайшадағы жазу өзгертілмеген түпнұсқа суретті оңай табуға болады. Фотосурет 1933 жылы 1 сәуірде, еврей бизнесі бойкот жариялаған кезде түсірілген. Тақтайшада: «Немістер, назар аударыңыздар! Бұл еврейлердің дүкені. Еврейлер Германия экономикасын бұзып, неміс қызметкерлеріне өте төмен еңбекақы төлейді!» деп жазылған.

Дүкеннің алдында осындай жазуы бар тақтайшамен тұрған басқа да жауынгерлердің және витриналардағы маңдайша тақтайшалардың суреттері Желіде баршаға қолжетімді.

Демек, нацистік Германияда егілмеген адамдарды дәмханаға жібермегенін «дәлелдейтін» фотосурет – фейк. Сурет графикалық редакторларда өңделген, ал түпнұсқа суреттің вакцинацияға ешқандай қатысы жоқ және ол 1933 жылы еврей бизнесі бойкот жариялаған кезде түсірілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button