Fake News
Алаяқтар Қазақстанның балалар омбудсменінің атынан хабарлама таратуда
Танымал WhatsApp мессенджерінде Динара Закиеваның жалған аккаунты пайда болды. Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл азаматтарды сақ болуға шақырады.
«Құрметті достар!
Сіздерді адамдарды алдап, менің атымнан хабарламалар тарату үшін жалған WhatsApp аккаунты ашылғаны туралы ескертемін. Бұл алаяқтар.
Менің жалғыз WhatsApp нөмірім +7 705 884 7040. Менің атымнан басқа нөмірлерден келіп түскен қандай да бір хабарламаларға назар аудармаңыздар», – деп жазды Динара Закиева өзінің Facebook-тегі парақшасында.