Fake News

Фейк: «Вакцинацияланған адамдар COVID-19-ды 27 есе жиі жұқтырады» 

Telegram-да пайдаланушылар COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған адамдарда вакцинаның бірде-бір дозасын алмағандарға қарағанда ауруды жұқтыру ықтималдығы 27 есе жоғары деп жазды. Бұл туралы израильдік беделді зерттеуде айтылған. Бұл рас па, тексерейік.


Аталған зерттеудің препринті 2021 жылдың тамызында жарияланған. Жұмыстың рецензияланған нұсқасы Clinical Infectious Diseases ғылыми журналында 2022 жылдың 1 шілдесінде шықты.
Зерттеу пәні вакцинация мен ауырудың нәтижесінде COVID-19-ға қалыптасқан иммунитетті салыстыру болды.  Жұмыс авторлары 124 500 пациенттің медициналық деректерін зерттеп, ауруға шалдыққан, бірақ вакцинацияланбаған адамдар ауырмаған, бірақ вакцинацияланбаған адамдармен салыстырғанда тұрақты иммунитетке ие деген қорытынды жасаған. Сондай-ақ осы зерттеуде вакцинаның бір дозасымен егілген науқастардың ауруға қарсы иммунитеті одан да тұрақты екендігі айтылды.
Бұл жұмыста вакцинацияланған адамдарда егілмегендерге қарағанда COVID-19 жұқтыру ықтималдығы 27 есе жоғары деп айтылмаған.
Мұндай мәлімдемелер негізсіз және пайдаланушыларды шатастырады. Демек, таралған ақпаратқа сенбеген жөн.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button