Фейк: «Судьялар, заңгерлер мен адвокаттар міндетті вакцинация тізіміне енбеген»
Facebook-те заңгерлер, нотариустар мен судьялар Қазақстанда міндетті вакцинациялауға жататын мамандық өкілдерінің тізіміне енбегені туралы хабарлама жарияланды. Бұл олай емес.
ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.
– Бас санитарлық дәрігердің қаулысында адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтерін көрсететін объектілер қызметкерлерінің міндетті вакцинациялауға жататыны көрсетілген, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта сот отырыстары онлайн режимде өтетіндіктен тізімде судьялар мен сот приставтары жоқ екенін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, міндетті вакцинациялауға жататын мамандық өкілдерінің тізімі ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 31 қаулысымен бекітілген. Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.