Fake News

Фейк: «Швеция ПТР тест COVID-19 диагностикалау үшін жарамсыз деп таныды»

Қазақстандық Telegram-чаттарда Швецияның Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі ПТР-тест COVID-19 дұрыс диагностикалау үшін жарамсыз деп танығаны туралы фейк таратылуда. Мамандар тестілеудің бұл түрі адамның иммундық жүйесімен жойылған жасушаларға әсер ететін вирустарды анықтай алмайтындығын мәлімдеген екен. Бұл жалған.


Бұл фейк Желінің ағылшын тілді сегментінде шыққан, кейінірек испан тілінде таратыла бастады. Бұдан кейін хабарламаны Еуропаның әртүрлі елдеріндегі әлеуметтік желілерді пайдаланушылар қолдады, содан соң фейк ресейлік және қазақстандық Telegram-чаттарға тарады.
ПТР тесттердің күшін жою туралы есептерді тәуелсіз фактчекерлер жоққа шығарды.

Швеция билігінің ПТР талдауларынан бас тартуы туралы ақпарат елдің Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігінің ресми сайтында жарияланған ұсыныстарға сәйкес келмейді.
– Өзін-өзі тестілеу түріндегі антиген тесттерін, сіз тест тапсырып, оны өзіңіз талдаған кезде белгілі бір жұмыс орындарында скрининг үшін қолдануға болады, бірақ COVID-19 белгілері болған кезде пайдалануға болмайды. Өзін-өзі тексеру тестінің оң нәтижесін ПТР көмегімен растау керек», – делінген порталда.
Сондай-ақ, ведомствоның сайтында ПТР-талдаулардың статистикасы үнемі жаңартылып отырады.
ПТР талдауы вирустың белсенді екенін немесе пациент оны бұрын жасағанын дәл анықтай алмайтындығы туралы мәлімдемелер де дұрыс емес.

Бұл тестілеу әдісі аурудың қоздырғышы болып табылатын SARS-CoV-2 тірі вирусының РНҚ-н ғана анықтайды. Мамандар індетті жұқтырғаннан кейінгі бесінші күннен кейін ғана талдау тапсыруды ұсынады. 
Адамның бұған дейін COVID-19-бен ауырғанын білу үшін мамандар ағзада антиденелердің болуын анықтайтын серологиялық зерттеулер жүргізуді ұсынады. Антиденелер иммундық жүйе патогенмен күрескен кезде қалыптасады. Олар сауыққаннан кейін біраз уақытқа сақталады.
Қорыта айтқанда, Швеция ПТР тестті қолданудан бас тартты деген хабарлар жалған. Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігінің ресми сайтында мұндай ақпарат жоқ. COVID-19 ПТР талдау әдісі РНК вирустың тірі қоздырғышын ғана анықтайды. Инфекциямен ауырғанды антиденелерге сынақ тапсыру арқылы растауға болады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button