Фейк: «Ғалымдар COVID-26 және COVID-32 ауруларын патенттеді»
Ғалымдардың аса қауіпті COVID-26 және COVID-32 жаңа аурулары туралы ескертулері қазақстандықтарды алаңдатуда. Кейбір адамдардың пікірінше, бұл пандемия әлемдік үкіметтің қастандығы екендігінің және жаңа аурулардың патенттелгенінің дәлелі. Бұл олай емес.
COVID-26 және COVID-32 сияқты аурулардың пайда болуы туралы жаңалықты алғаш рет Техас балалар ауруханасының вакцинацияны дамыту орталығының директоры доктор Питер Джей Хотез мәлімдеді.
– Бұл ХХІ ғасырдағы үшінші коронавирус індеті. SARS-тің бастапқы нұсқасы 2002-2003 жылдары Қытайда табылған. Содан кейін 2012 жылы шыққан және 2015 жылы Оңтүстік Кореяда індеттің таралуына себеп болған MERS болды. Бұл – үшінші індет. Табиғат ана да бұдан әрі не болатынын білдіріп жатыр: біз COVID-19 шығу тегін толық түсінгенге дейін, COVID-26 және COVID-32 пайда болады», – деді ол NBC News телеарнасындағы Meet the press бағдарламасында.
Яғни, дәрігер нақты есептеулерді негізге алмаған және болашақта коронавирустың мутацияға ұшырауын және оның барысын модельдемеген, тек өз пікірін ғана білдірген. Сондай-ақ, доктор Хотез болашақта болатын аурулардың патенттері туралы мәлімдеме жасамаған және мұндай атаумен аурулар пайда болады деп нақты айтпаған. Сонымен қатар, бағдарламада бұл аурулардың және пандемиялардың сипаттамалары келтірілмеген.
Sars-CoV-2 вирусының шығу тегін толық түсіну қажеттілігі туралы тезиске келетін болсақ, бұл АҚШ президенті Джо Байденнің вирустың пайда болуын тергеудің екінші кезеңін өткізуге шақыру бойынша жақында жасаған мәлімдемесіне қатысты.
ДДСҰ қызметкерлері Қытайға ғылыми қызметкерлер делегациясын жіберген алғашқы тексеру өткен жылдың наурыз айында аяқталды. Соңғы есепте мамандар вирустың қолдан жасалуы «екіталай» екенін атап өтті.
Америка Құрама Штаттары президентінің ғалымдардың зерттеулерін қайта тексеруге деген ұмтылысын кейбіреулер ғылыммен емес, саясатпен байланыстырады. Мысалы, Nature журналы SARS-CoV-2 зертханада шығарылуы саясаткерлер қолдап отырған қастандық теориясы екендігі туралы мақала жариялады.
«Вирустың зертханада шығарылғаны туралы әңгімелер салдары ауқымды және терең саяси насихат ретінде жанданды. Ақпан айында АҚШ сенаторы Том Коттон Fox News-те вирустың биологиялық қару екендігіне сенімін жеткізді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео да SARS-CoV-2-нің шығуының антропогендік белгілері бар екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл теорияны растады», – делінген жарияланымда.
Сонымен қатар, мақалада басылым еңбектері жарияланатын ғалымдар 2020 жылғы мақалада айтылған пікірді ұстанатындығы атап өтілген. Онда вирусқа зертханалық жағдайда пайда болмайтын мутациялар тән екендігі айтылған.
Алайда, америкалық ғалымдар қазір екіге бөлініп отыр: біреулер ДДСҰ-ның 2020 жылы жасаған қорытындысына сүйене отырып, вирус табиғи түрде пайда болды деп санайды. Басқаларының пікірінше, оны зертханада қолдан жасаған.
Айта кетейік, Sars-CoV-2 гендік инженерия жемісі екендігіне нақты дәлелдер жоқ. ДДСҰ мамандары өз есебінде «2019 жылдың желтоқсанына дейін апта / ай ішінде COVID-19 үйлесімді тыныс алу жолдары аурулары туралы хабарламалар түспегенін, сондай-ақ SARS-CoV-2-де серологиялық скрининг арқылы зертхана жұмысшыларында инфекцияның серологиялық белгілері болмағанын» алға тартып, теорияны тікелей жоққа шығарады.
COVID-26 және COVID-32 – бұл Доктор Хотез теледидарда сөйлеген сөзінде қолданған мысалдар. Бұл мұндай аурулар пайда болады дегеннің белгісі емес. Сондай-ақ, дәрігер бұл аурулардың патенттері айтқан жоқ және олардың белгілерін нақтыламаған.