Fake News

Пошта жәшіктеріндегі улы пакеттер – көпжылдық фейк

Қазақстандық әлеуметтік желілерде пошта жәшіктеріне улы заттар, дисктер мен түрік тілінде Құраннан үзінділер берілген пакеттер салынатыны туралы үрейлі хабар тарады. Бұл ақпарат интернетте көп жылдан бері тарап жатқан фейк болып шықты.


Мұндай хабарламалардың авторлары, табылған пакеттерді ашуға болмайды, өйткені оның ішінде улы заттар бар деп ескертеді. Сондай-ақ, құрбан болғандар да бар екен.
Осындай фотосуреттермен ұсынылған ақпараттар әлеуметтік желілерде 2016 жылдан бері тарап келеді. Бұл туралы 2016 жылдың қараша айында Мурманск интернет-порталдары, ал желтоқсанда – Архангельск БАҚ-тары жазған. Бұған дейін бұл фейкті Иркутск ІІМ мен Дағыстан полицейлері жоққа шығарған болатын. Осындай вирустық фотосурет 2017 жылы Германия тұрғындарының үрейін алған еді. Жақында бұл хабарды мессенджерлерде Самара тұрғындары да таратқан.

Қазақстанда да бұл фейк алғаш рет осыдан бес жыл бұрын шыққан, оны ҚР ІІМ жоққа шығарған болатын.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button