Fake News

Фейк: «Қатерлі ісік оттексіз тіндерде өседі»

Әр түрлі елдерде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде доктор Отто Генрих Варбургтің «қатерлі ісік тіндері қышқыл ортада тіршілік етеді» деген дәйексөзі таратылуда. Қазақстандық интернет пайдаланушылар да кейбір пабликтер мен чаттарда онкологиялық аурулардың шығу тегін талқыға салды.
StopFake.kz бұл хабарламалардағы өтірік пен шындықты және анықтады.

Бұл хабарламалардағы шын нәрсе – доктор Отто Генри Варбург болған. Бұл неміс биохимигі, дәрігер және физиолог, 1931 жылы «тыныс алу ферменттерінің» табиғаты мен функцияларын ашқаны үшін физиология саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты атанған. Варбург цитохромоксидазаның белсенді коферменті (ферменттің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет қосымша зат) оттегі тасымалдаушысы ретінде әрекет ететін темір атомы бар порфирин молекуласы (құрылымы 1930 жылғы Химия лауреаты Ханс Фишер орнатқан гемге өте ұқсас) екенін анықтай алды. Бұл ферменттің белсенді тобын алғаш рет сәйкестендіру болды.

Отто Генрих Варбургтің қатерлі ісік ауруын зерттеумен айналысқаны да рас. Ғалым онкологиядан зардап шеккен жасушалардағы зат алмасуды зерттеген. Алайда оның қатерлі ісік ауруының себептері туралы гипотезасы қате болып шықты.

Варбург қатерлі ісік жасушалары глюкоза алмасуының анаэробты (оттегі жоқ) жолын қолданады, сондықтан жасушаларда оттегінің болмауы қатерлі ісіктің пайда болуына себеп болады деп ойлады. Қатерлі ісік ауруының келесі бір себебі, Варбургтің пікірінше, жасушаның қалыпты аэробты тыныс алуын тежейтін түрлі пестицидтер мен цианидтер болып табылады.

Бүгінгі таңда жасушалардың қатерлі өзгеруінің негізгі себептері онкогендер мен супрессорлық гендердегі мутация екендігі белгілі, ал Варбург әсері осы мутациялардың салдары болып саналады.
Өмірбаяндық мәліметтерге сәйкес, қастандық теорияларын жақтаушылар таратып жүрген «ешқандай ауру, оның ішінде қатерлі ісік сілтілі ортада тіршілік ете алмайды» деген дәйексөзді Варбург айтпаған. Варбургтың «аурулар сілтілі организмде тіршілік ете алмайды», «қатерлі ісік тіндері қышқыл, ал сау тіндер – сілтілі болып табылады», «35 жасушаны оттегіден айырсаңыз, ол 48 сағаттың ішінде қатерлі ісікке айналуы мүмкін» деген мәлімдемелерін де түрлі елдердің ғалымдары мен дәрігерлері, соның ішінде Хьюстон патологы доктор Майк Кондрон жоққа шығарған болатын.

«Біз әуелден сілтіліміз, сондықтан сілтілік орта ауруларға зиянды деген идея дұрыс емес. Ағзаның сілтілігінің жоғарылауы науқастың өліміне әкеледі. Көптеген басқа жайттар қатерлі ісік ауруын немесе басқа ауруларды жеңе алады, бірақ мұның бәрі пациентті де өлтіреді, мысалы, қышқылдық, жылу, не болмаса оттегінің немесе глюкозаның жетіспеушілігі және т. б.»,- дейді Кондрон.

Басқа жаңалықтар

Back to top button