Қазақстандағы халық санағы COVID-19 вакцинациясымен байланысты емес
Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде халық санағы COVID-19-ға қарсы вакцинациядан бас тартқандарды есептеу және оларды күшпен егу үшін қажет деген теорияны алға тартты. Шын мәнінде, халық санағы пандемияға дейін жоспарланып қойған және онымен ешқандай байланысы жоқ.
Қазақстанда халық санағы 10 жылда бір рет өткізіледі. Алғаш рет ол 1999 жылы 25 ақпаннан 4 наурыз аралығында ұйымдастырылған. Содан кейін 2009 жылы ақпан айында өтті.
Келесі халық санағы 2019 жылға белгінген болатын, бірақ процесті ұйымдастырудағы өзгерістерге байланысты ол кейінге қалдырылды. Бұл жолы еліміздің барлық азаматтарын есепке алу үшін цифрлық технологияларды пайдалану және сауалнамалардағы сұрақтар тізімін кеңейту туралы шешім қабылданды. Оған елден көшу жоспарлары, балалардың туған күндері және басқа да қосымша деректер енгізілді.
Халық санағы 2020 жылғы 1-30 қазаны аралығында өтуге тиіс болатын. Бірақ COVID-19 пандемиясына байланысты тағы да кейінге қалдырылып, 2021 жылға ауыстырылды. Енді қазан айында өтеді. 1-15 қазан аралығында қазақстандықтар sanaq.gov.kz сайтындағы онлайн-сауалнамаға қатыса алады. Сонымен қатар, 1-30 қазанда халық арасында офлайн режимде жаппай сауалнама жүргізіледі.
Сауалнамаларға вакцинация туралы сұрақтар енгізілетіні туралы еш жерде хабарланған жоқ.
Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәжбүрлі вакцинация туралы қауесетті жоққа шығарды.
Казахстанцы пугают друг друга чипированием и принудительной вакцинацией
2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сәйкес, ҚР кез келген азаматы «емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық егулерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе бас тартуға» құқылы. Бұдан басқа, 16 жастағы және одан асқан балалардың профилактикалық және консультациялық-диагностикалық көмек алудан хабардар түрде бас тартуға құқығы бар.
Демек, Қазақстандағы халық санағы мен COVID-19-ға қарсы вакцинацияның байланысы – Қазнетті пайдаланушыларының қиялы ғана.