Fake News

Фейк: «Клаус Швабтың басты мақсаты – Жер тұрғындарын чиптеу»

Әлеуметтік желілерде Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Шваб басты мақсаты планетадағы барлық адамдарды чиптеу екенін ашық айтты деген ақпарат тарады. Ол бұл туралы 2016 жылы мәлімдеген екен. Бұл жалған.


Қазнетте тараған видеода Клаус Шваб 2016 жылы жарық көрген «Төртінші өнеркәсіптік революция» атты кітабында баяндалған кейбір тезистерді айтады.
Ол биология, физиология және ғылым сияқты салалардың өзара тығыз әрекеті туралы жазады. Атап айтқанда, ол имплантацияланатын құрылғыларды мысалға келтіреді: кардиостимуляторлар, есту қабілетін жақсартуға арналған импланттар, денсаулық жағдайын бақылау және т.б. Сондай-ақ, әлі ойлап табылмаған, бірақ жақын арада пайда болатын чиптер туралы да айтады. Кітапта киімге тігуге немесе тері астына енгізуге болатын құрылғылар сипатталып, ал олардың көмегімен, мысалы, жоғалған немесе хабар-ошарсыз кеткен адамдарды оңай табуға болады.
Сондай-ақ, Шваб бұл инновациялардың барлығы құпиялылықтың маңызды бөлігін жоғалтуға әкелуі мүмкін екенін атап көрсетеді, өйткені адам ұдайы бақылауда болады, тіпті психологиялық проблемалар да туындауы мүмкін.
Дүниежүзілік экономикалық форумның сайтында жарияланған Клаус Швабтың мақаласында төртінші өнеркәсіптік революция болашақта адамдарға, экономикаға, саясатқа және ғылымға әсер етуі мүмкін барлық ықтимал мәселелер мен әсерлер туралы егжей-тегжейлі жазылған.
Алайда, кітапта да, мақалада да, сөйлеген сөзінде де Клаус Шваб пен оның әріптестері мақсаттары халықты чиптеу деп мәлімдемеген. Шваб ғылым мен техникадағы қазіргі тенденцияларды ескере отырып, денсаулықты бақылауға және сатып алулар үшін төлем жасау, жеке деректерді сақтау сияқты тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектесетін чиптерді имплантациялау мүмкін болатындығын ғана атап өтті.
Демек, Клаус Швабтың басты мақсаты – жер бетіндегі барлық адамдарды чиптеу деген ақпарат – жалған.

https://www.weforum.org/agenda/2016/01/the-fourth-industrial-revolution-what-it-means-and-how-to-respond/

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button