Fake News

5G арқылы электрондық вакциналау – фейк

Жақында әлеуметтік желілерде COVID-19 жаңа буындағы 5G байланыс стандартының көмегімен берілетіні туралы жалған ақпараттар тарады. Енді ұялы желілер арқылы коронавирусқа қарсы вакциналау жүргізіледі деп хабарлануда. Қазнет пайдаланушылары адамдарға «электронды инвазивті емес тәсілмен» екпе жасайтын арнайы жүйе туралы постпен бөлісуде. Олардың айтуынша, егер халықтың көп бөлігі дәстүрлі процедурадан бас тартса, олар 5G арқылы вакцинацияланады. Бұл ақпаратқа неге сенуге болмайтынын айтып берейік.


Covid-19 қарсы вакциналаудың жаңа әдісі туралы хабарлама facebook парақшасында жарияланды, оның профилінде «Global 5g Consortium» деп аталатын ғылыми сайт деп жазылған. Пост пайдаланушыларға «e-mRNA (mRNA) сымсыз вакциналаудың алғашқы ауқымды сынағы» өткенін хабарлайды.
«Егер халықтың едәуір бөлігі дәстүрлі дәрі-дәрмекпен вакциналаудан бас тартса, онда 5G e – mRNA қажетті мүмкіндікті қамтамасыз етеді деп көзделген», – делінген хабарламада.

2020 жылы сәуір айының басында дәл осы парақшада 5G арқылы вакциналаудың электронды әдісі Билл және Мелинда Гейтс қорымен бірлесіп жүргізілген зерттеулер негізінде жасалғандығы туралы хабарлама жарияланған.

Хабарламалардың ешқайсында ақпарат көзі көрсетілмейді және «электрондық вакцинация рәсімі» қалай өтетіні, вакцина жасалатындарды таңдау және т. б. толық айтылмайды.
Сонымен, 5G арқылы екпе жасау мүмкін емес, өйткені 5G – бұл жаңа буындағы ұялы байланыс стандарты. Ол қолданыстағы 3G және 4G сияқты жұмыс істейді, сондай-ақ, деректерді тарату жылдамдығы мен өткізу қабілеттілігі әлдеқайда жоғары. Яғни 5G вакцина емес, сигнал береді.

Әр түрлі ауруларға қарсы вакциналардың көп бөлігі инъекциялық түрде енгізіледі. Бірақ ағзаға тілдің астына тамызу, мұрын спрейі немесе инесіз инъектор түрінде жеткізілгендер де бар.
Электрондық вакцинлау – бұл фантастика және ешқандай дәлелдер жоқ.

Бір аптадан кейін қазақстандықтарға егу жоспарланып отырған ресейлік «Спутник V» препараты 21 күндік аралықпен екі кезеңмен инъекциялық егіледі. Вакциналау ерікті түрде жүргізіледі.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button