Сайлау

Желіде сайлау учаскелеріндегі бұзушылықтарды растайтын ескі бейнероликтер тағы да таратылуда

Әлеуметтік желілерде парламенттік сайлауда орын алғанына фейк дәлелдер келтірілген бірнеше бейнеролик тарады. Олардың кейбірі бұрын түсірілген және Орталық сайлау комиссиясымен жоққа шығарылған, ал басқаларының Қазақстанға мүлдем қатысы жоқ.

 

Костюм киген ер адамның жәшікке бірнеше бюллетень салған видео 2016 жылы түсірілген. Ол кезде бұзушылықтар тіркелмеген.

Осы сияқты жәшікке бланктер салып жатқан қыздың видеосы алғаш рет желіде 2019 жылы тараған.

Алайда, ресми деректер бойынша, 2019 жылғы президенттік сайлау Қазақстанда бұзушылықтарсыз өтті.

Спорт залында бюллетеньдерді жаппай жәшікке салған тағы бір видео 2019 жылы түсірілген. Оған Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров түсініктеме берген болатын.

Ол кадрларды мұқият зерттеп, тексеру жүргізуге уәде берген еді. Одан кейін видеода өрескел бұзушылықтың орын алғаны туралы хабарланған жоқ.

Тағы бір видеода өшірілетін сия көрсетілген, оны сайлаушылар бюллетеньдерін толтыру үшін қолданылады. Бұл – Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Украина елдерінде тараған ескі фейк. Видеоны бірнеше рет жалған деп тапқан.

Егер әлеуметтік желілерде жалған болып шығуы мүмкін күмәнді хабарламаларды, фотосуреттерді немесе видеоларды көрсеңіз – оларды +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жолдаңыз. Біз жалған ақпаратты жоққа шығарамыз.
Хабарламаларыңызды күтеміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button