Fake News

Фейк: «COVID-19 анықтайтын тесттер алдын ала белгілі нәтижемен жасалды»

Қазнет қолданушылары СOVID-19 анықтауға арналған «тесттердің» фотосуреттерін талқылауда. Суреттегі қаптамалар әртүрлі таңбаланған – біреуінде Positive Control, ал екіншісінде Negative Control деп жазылған. Сонымен қатар, олардың бірінде биологиялық қауіпті белгісі бар. Кейбір пайдаланушылардың пікірінше, бұл тест нәтижесі алдын ала белгіленетінінің дәлелі және оларды жасау өмірге қауіп төндіреді.

Шын мәнінде, фотосуретте көрсетілген зат COVID-19 анықтайтын тест емес, оның компоненттері – талдауды дұрыс жүргізуге қажетті оң және теріс бақылау үлгілері.
Биологиялық қауіптілік белгісі жиынтықта уытты болып саналатын және қауіптіліктің II класына жататын натрий азидінің 0,1% – дан кем екендігін ескертеді. Алайда, көрсетілген концентрацияда ол денеге айтарлықтай зиян келтірмейді және өлімге әкелмейді. Бұл заттың құрамда бар екендігі туралы тестті қолдану жөніндегі нұсқаулықта да көрсетілген және ол теріге немесе шырышты қабыққа түскен жағдайда не істеу керектігі туралы ұсыныстар берілген.
Қорыта айтқанда, алдын ала белгіленген нәтижемен алдын ала «дайын» тесттер туралы мәлімдеме жалған. Суретте тестілеуге арналған жиынтықтың бір бөлігі ғана көрсетілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button