Фейк: «Маскалар адамның жеке тұлғасын өзгертеді»
Қазнетте медициналық маска тағу тұлғаның түбегейлі өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін, адамдар кішіпейіл және үнсіз болып қалады деген фейк тағы да тарап жатыр. Бұған негі жоқ.
Бұл мәлімдемелерді растайтын бірде-бір зерттеу жоқ. Керісінше, психологтар пандемия кезінде медициналық маска тағу қоғамда қауіпсіздік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді және стресс, депрессия және мазасыздық жағдайларын азайтады деп санайды.
Сонымен қатар, «жеке тұлғаның түбегейлі өзгеруі» деп мамандар көбінесе ішкі факторлардан туындауы мүмкін шизофрениялық кемшіліктерді айтады. Демек, маска тағу оны тудыра алмайды.
Жеке тұлғаның басқа өзгерістері күшті алкогольден немесе нашақорлықтан, бірден бірнеше күшті дәріні қабылдағанда, ми аурулары немесе ауыр жарақаттар кезінде туындауы мүмкін.
Демек, медициналық маска тағу арқылы жеке тұлғаның бұзылу орын алады деген теория – жал.
Бетперде тағу, қолды жиі жуу және әлеуметтік қашықтықты сақтау COVID-19 таралуының алдын алудың тиімді шаралары болып табылады.