Жалған: «COVID-19 пандемиясын ДДҰ ойлап тапты»
Instagram-да ДДҰ-ны пандемияны қасақана жасағаны үшін айыптайтын видео тарады. Бұл халықты тексерілмеген вакциналармен иммундауды бастау үшін ПТР сынақтары арқылы жасалған екен. Бұл фейк.
Бұл теорияның авторы – неміс заңгері және адвокаты Райнер Фюэльмих. Ол вакцинацияға қарсы күресуші және COVID-19 туралы жалған ақпарат таратушы ретінде белгілі. 2020 жылы «Коронавирусты тергеу комитеті» ұйымын құрған. Әріптестерімен бірге «COVID-19 қатысты жаһандық алаяқтықты» дәлелдейтін деректер жинайды.
2021 жылдың маусымында Райнер Фюэлмих бір сұхбатында коронавирустық пандемия алдын ала жоспарланған және ПТР-тесттердің сенімділігіне күмән келтірді деп мәлімдеді. Мұны растайтын бірде-бір дәлел келтірілген жоқ. Адвокат тек белгісіз куәгерлердің болжамды айғақтарына және тексерілмеген пікірлерге сүйенді. Health feedback ғылыми қоғамдастық порталында Фюэльмихтің сөздеріне неге сенуге болмайтыны түсіндірілді. COVID-19 ПТР-тесті өзінің тиімділігін дәлелдеді және SARS-CoV-2 вирусын ескере отырып, арнайы әзірленді. Тесттер бұл вирусты анықтайды және оны басқалардан ажыратады.
Google-дің «Зерттеуші – Фактілерді тексеру» бөлімінде Рейнер Фюэльмихтің жалған мәлімдемелері бірнеше рет кездеседі. Олардың барлығын әлемдік фактчекерлер жоққа шығарған.
Адвокат өзінің теориясын баяндаған видео 2022 жылдың шілдесінде шыққан. . Фюэльмих AUF1 альтернативті тәуелсіз телевидение тілшісіне сұхбат берді. Бұл конспирологқа лайық арна. Онда ғылымға қарсы теориялар мен дәлелденбеген тұжырымдар талқыланады.
Фюэльмихтің айтуынша, ДДҰ тестілеуден өтпеген вакцинацияларды қолдану үшін төтенше жағдайды қасақана жасаған. COVID-19 қарсы вакциналардың барлығы клиникалық сынақтар барысында өзінің тиімділігін және қауіпсіз екендігін дәлелдеді. Сонымен қатар, вакциналардың көбі бірнеше елде зерттеліп, ондаған сынақтан өтті. Препараттардың қалай тексерілгені туралы ақпараттар баршаға қол жетімді.
Фюэльмих ДДҰ-ның пандемияны қолдан жасағанын растайтын бірде-бір дәлел келтірмеді. Ол бұған дейін COVID-19-ды әлемдік элиталар, соның ішінде Рокфеллер қоры жоспарлаған деп айтқан. Францияның AFP Fact Check фактчекері оның бұл сөзімен келіспеді.
Фюэльмихтің тағы бір жалған тұжырымы – адамның иммундық жүйесі тұмаумен күрескендей коронавирусты да еңсере алатын еді. COVID-19-ден болатын өлім-жітім, тұмаудан болатын өтім-жітімнен артық емес деп Дональд Трамп 2020 жылы мәлімдеген. Сол жылы АҚШ-та коронавирустық инфекциядан 210 мыңға жуық адам қайтыс болғанын атап өткен жөн. Пойнтер институты Америка президентінің сөздеріне қатысты тергеу мәліметтерімен бөлісті. Ғылыми дәлелдерге сәйкес, COVID-19 өлімге әкелу көрсеткіші тұмауға қарағанда 10 есе артық.
Райнер Фюэльмихтің сөздеріне сенуге негіз жоқ. Ол инфекционист және иммунолог емес, қастандық теорияларын жақтайды, ал дәлел ретінде ғылымға қарсы айғақтарды келтіреді.