Fake News

Қытайлық сиқыршының трюктері ғарышта салмақсыздық жоқ екенін дәлелдемейді

Әлеуметтік желілерде қалықтап жүрген адамның видеосы талқылануда. Бұл левитация НАСА мен ХҒС ғарышқа жасалған сапарлар туралы өтірік айтқанын растайды екен. Бұл өтірік.

Фокус – бұл көрерменді алдау, салмақсыздық дәлелденген факт.

Видеода қытайлық сиқыршы Гао Ютань (Gao Yutian) орындаған трюк көрсетілген. Бұл өз елінде танымал иллюзионист, «Доуиньде» («ТикТоктың» қытайлық нұсқасы) 30 миллионға жуық жазылушысы бар. Гао Ютань телевидениеде, әр түрлі елдердің атақты адамдары мен мәртебелі адамдарының алдында бірнеше рет өнер көрсеткен. «Like!» ұлттық таланттар реалити-шоуына қатысқан.

2021 жылдың мамырында ол Бейжіңдегі қираған ескі жазғы сарайды 72 сағат ішінде қалпына келтіру үшін «сиқырды» пайдаланған. Видео «Доуиньнің» іздеу тізіміне енді. Сиқыршы ұшып қана қоймайды, ол судың бетімен де жүреді екен. 

Ютаньның әрбір трюгі желі қолданушыларының арасында қызу талқыланады. Біреулер ертегіге сенеді, басқалары фокусты әшкерелеуге тырысады. Левитациямен иллюзия жасау оңай емес, бірақ мүмкін. «Доуинь» қосымшасынан фокустың қалай жасалғанынан үзіндіні көруге болады. Бұл үшін көтеру механизмі қолданылды.

Magic Secrets Revealed YouTube арнасында («Сиқырлы құпиялар ашылды») бетперде таққан сиқыршы жер бетінде қалықтау трюгі қалай жасалатынын егжей-тегжейлі баяндайды. Сиқыршының денесіне бекітілетін арнайы аспалы жүйе және көтергіш кран қажет. Кабельдер сиқыршыны ұстап тұрады. Кабельдер көрермендерге көрінбейді, өйткені күн сәулесі оларды жасырып тұрады. Түсірілім алдымен бір бұрыштан, содан кейін басқа бұрыштан жүргізіледі. Шебер монтаждаудың нәтижесінде адам қалықтап ұшқандай болып көрінеді.

Гао Ютан фокуста пайдаланған магниттер мен электр генераторы көрерменнің назарын аудару үшін қажет. Ғарышкерлердің салмақсыздықтағы қозғалысын имитациялайтын әуеде аунау трюкті сенімдірек етеді. Сиқыршы левитация сәтті болуы үшін айналадағыларды әдейі алдайды. Демек, салмақсыздық пен ғарыштың фокусқа ешқандай қатысы жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button