Алаяқтық

Алаяқтар «Меломан» дүкенінен символдық бағаға 9 кітап ұсынады

Facebook-те «Меломан» интернет-дүкені атынан жарнама жарияланды. Пайдаланушыларға бар болғаны 1 050 теңгеге 9 бестселлер ұсынылады. Ол үшін сауалнамаға қатысу керек. Акция мемлекеттік бағдарлама аясында ұйымдастырылған екен. Бұл өтірік.

«Меломан & MARWIN» дүкендер желісі бұл ақпаратты жоққа шығарып, Желіде тараған жарнамаға қатысты түсініктеме берді.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп ресми түрде мәлімдейміз.

Мұқият болыңыздар және тек тексерілген дереккөздерге ғана сеніңіздер.

Өтіп жатқан акциялар мен арнайы ұсыныстармен «Меломан» интернет-дүкенінің ресми сайттарында және әлеуметтік желілердегі парақшаларда танысуға болады.

Егер сұрақтарыңыз болса, клиенттерге қамқорлық жасау қызметіне хабарласыңыздар», – делінген «Меломан & MARWIN» ресми хабарламасында.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button