Fake News

Фейк: «Вакцина миллиондаған адамды өлтіреді»

Instagram әлеуметтік желісінде қолданушылар Жапонияның бұрынғы ішкі істер министрі Кадзухиро Харагутидің сөзін талқылауда. Ол «вакциналар миллиондаған жақындарымызды өлтіреді» деп мәлімдеп, екпе алғандар арасында өлімнің көп болғаны үшін кешірім сұраған екен. Оның сөзі қаншалықты рас, анықтайық.

Кадзухиро Харагутидің сөзі келтірілген мақала 2024 жылғы 31 мамырда фейк жаңалықтар шығатын The People’s Voice сайтында жарияланды. Бұл портал жалған ақпарат таратуда бірнеше рет байқалды. Онда вакцинацияға қарсы фейктер де шыққан. Мысалы, Билл Гейтс Үкіметтің әлем халқын қысқарту мақсатында вакциналар әзірлегенін мойындады деп айтылды.

Харагути бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пандемия туралы келісіміне қарсы Токиода өткен митингіде мәлімдеген. Бұл құжат қастандық теориялары мен жалған ақпарат нысанына айналды, көбінің пікірінше, бұл ДДҰ-ға адамдарға вакцина салуға құқық береді деп қателеседі.

Француз коммерциялық емес Science Feedback фактчекері жапондық фактілерді тексеру орталығының қызметкері Дайсуке Фурута мен Annie Lab қызметкері Масато Кадзимотодан Харагутидің сөзінің мазмұнын тексеруді сұрады.

Жапон саясаткерінің мәлімдемесін аударғанда былай болады: «Мен осы биологиялық қару тәрізді нысанның әсерінен қайтыс болғандарға қайғырып көңіл айтамын. Олар өмірден өтті, бірақ олай болмау керек еді. Парламентшілердің бірі ретінде мен бәріңізден кешірім сұраймын. Мұны тоқтату керек еді. Бұл адамдар өлмеуге тиіс еді. Мен ел аралап жүргенде, дені сау, бірақ тұра алмайтын, жүре алмайтын, мектепке немесе жұмысқа бара алмайтын адамдарды көремін. Адамдардың құтқаруға болатын өмірін сақтай алмаған үкіметті құлатайық».

Аудармада Харагутидің «миллиондаған» деп айтпағанын байқаймыз. Дегенмен, оның мәлімдемесі жалпы алғанда COVID-19 қарсы вакциналар өлім мен мүгедектікке әкелуі ықтимал екенін меңзейді.

Бұл дұрыс емес. Неге? Себебі, коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналар клиникалық сынақтардан өтті, яғни, олардың қауіпсіздігі мен тиімділігі көпшілікке қолданбас бұрын анықталды.

Айта кетейік, кез келген басқа екпелер секілді, COVID-19 қарсы вакциналар жанама әсерлер тудыруы мүмкін. Дегенмен, олардың көбі жеңіл және өздігінен өтеді, бірақ ауыр да болуы мүмкін. Бұл жанама әсерлер ауыр аурулар мен өлім қаупін азайту секілді вакцинацияның пайдасынан асып түсетіні дәлелденбеген.

ДДҰ, АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) және Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) сияқты денсаулық сақтау органдары қауіпсіздікке қауіп төндіретін кез келген ықтимал сигналдарды анықтау үшін вакцинацияның жанама әсерлерін бақылауды жалғастыруда.

Бұл мониторинг COVID-19 қарсы вакциналармен байланысты өте сирек жанама әсерлерді анықтады. Бұл Халықаралық медицина ғылымдары ұйымдары кеңесінің ұсынымдарына сәйкес 10 мың егілгенге шаққанда бір жағдайдан аз.

Вакциналар жаппай өлім-жітімге әкелсе, егілмегендерге қарағанда егілгендер арасында өлім-жітім деңгейі жоғары болар еді. Алайда, деректер бұл гипотезаны растамайды.

Science Feedback-тің бұрын жарияланған материалдарында келтірілген көрсеткіштерге сәйкес, вакцинация деңгейі жоғары АҚШ елдері мен штаттарында вакцинация деңгейі төмен аймақтармен салыстырғанда артық өлім-жітім аз болатынын көрсетті. Мұндай нәтижелер себеп-салдар байланысын дәлелдемесе де (корреляция себептіліктің дәлелі емес), олар COVID-19 қарсы вакциналар өлімге әкеледі деген пікірді растамайды.

Демек, ғылыми дәлелдер COVID-19 қарсы вакциналардың өлімге әкелетінін қуаттамайды. Керісінше, зерттеулер, клиникалық сынақтар және қауіпсіздік деректері вакциналардың SARS-CoV-2 коронавирусынан болатын аурудан болатын аурушаңдық пен өлімді азайтуда шешуші рөл атқарғанын көрсетеді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button