Fake News

ҚР ІІМ ресейліктерге ел азаматтығын сату туралы қауесетті жоққа шығарды

Интернеттің қазақстандық сегментінде Ресей азаматтары Қазақстан азаматтығын сатып ала алатыны туралы ақпарат тарады. Құны 6500 еуродан басталады және бөліп төлеуге болады. Сондай-ақ, қазақстандық паспортты алғаннан кейін бірқатар артықшылықтар беріледі екен, оның ішінде, тегін медициналық көмек алу, 90 елге визасыз бару және америкалық E-2 визасын алу мүмкіндігі бар.

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Интернетте ішкі істер органдарында бірқатар көші-қон қызметтерін алу, оның ішінде азаматтыққа қабылдау, құжаттарды жинау және ресімдеу қызметтерін көрсететін компаниялардың жарнамалары жариялануда.
Айта кету керек, бұл фирмалар азаматтықты да, жеке басын куәландыратын құжаттарды да бермейді. Осыған байланысты ІІМ осы саладағы интернет арқылы алаяқтықтың ықтимал жағдайлары туралы ескертеді.

Қазақстан азаматтығын алу үшін өтініш білдірушілер ішкі істер органдарына жеке өзі жүгінуге тиіс. Бұл ретте құжаттарды сенімхат бойынша немесе үшінші тұлғалар арқылы беруге тыйым салынады», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button