Fake News
Фейк: «Болат Назарбаевқа пантеон салуға 20 млрд теңге бөлінді»
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Болат Назарбаевқа арналған пантеон құрылысына 20 млрд теңге бөлінгені туралы ақпарат тарады. Бұл жалған.
Пантеон салу қажеттілігі туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтқан екен.
Алматы облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Пантеон салу жоспарда жоқ. Алматы облысының бюджетінен пантеон құрылысына ешқандай қаражат бөлінген жоқ, – деп хабарлады өңірдің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, пантеон құрылысы туралы ақпаратты таратқан дереккөз – шынайы ақпарат жарияламайтын сатиралық аккаунт екенін айта кеткен жөн.
Демек, таралған ақпарат – фейк.