Fake News

Жалған онлайн-дүкендер – қазақстандық полицейлер алаяқтар туралы ескертті

Алаяқтар жалған интернет-дүкендер құруды жалғастыруда, ал қазақстандықтар полицейлердің ескертулері мен кеңестеріне қарамастан қомақты қаржысынан айырылуда. Шымкентте алаяқтар сатып алушыларға миллион теңгеге бренд заттар сатып, алдап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

«Полиция 22 жастағы тараздық тұрғынды және оның Алматы мен Шымкенттегі екі досын ұстады. Олар әлеуметтік желіде брендтік аяқ киім мен сөмкелер сататын жалған интернет-дүкен ашқан.

Интернет-дүкен үшін алаяқтар тауарлардың фотосуреттерін нақты базарлардан көшірді. Сатып алушыларға жеткізу шарттарын түсіндіріп, төлемді аударым жасау арқылы немесе қашықтықта төлеу шотын жіберу арқылы алған. Брендтік затын ұзақ күтіп, сол күйі ала алмаған тапсырыс берушілер полицияға арызданған. Бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген ҚР ІІМ сайтында.

Кибер полицейлер онлайн-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендер еліміздің барлық аймағында болуы мүмкін екенін айтты.

Тәртіп сақшылары жарнама сайттары арқылы сатып алуға қатысты бірнеше кеңес берді:

– онлайн сатып алу кезде, тауарды қолға алғаннан кейін төлем жасау туралы келісуге тырысыңыз;

– бейнеқоңырау арқылы тауардың бар-жоғын тексеріңіз;

– ешқашан жеке деректеріңізді және банк карталарының кодтарын бейтаныс адамдарға жолдамаңыз.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button