Fake News

Қаржы министрлігі жалған брокерлерден зардап шеккендердің ақшасын қайтару үшін қаражат бөлді – фейк

Қазнетте жалған брокерлерден зардап шеккен қазақстандықтардың ақшасын қайтарып береміз деген жарнама тағы да тарады. ҚР Қаржы министрлігі осы мақсатта қаражат бөлген екен. Бұл жалған.

Қаржы министрлігі мұндай бағдарламаны іске қосқан жоқ. Ведомствоның ресми сайтында алаяқ брокерлерден зардап шеккендерге төлеу үшін қаражат бөлінетіні туралы жазылмаған.

Жарнама «Вектор» заң фирмасының атынан таралуда. Алаяқтар сілтеме арқылы өтіп, тегін кеңес алуды ұсынады. Белгісіз сайтта «1000 еуродан артық ақшаңыздан айрылсаңыз, команда Сізге алаяқ брокерден шығынның 96% қайтарады» делінген. Өтінішіңіз бойынша жұмысты бастау үшін жеке деректеріңізді қалдыру керек.

2023 жылы «Вектор» компаниясын қаржылық алаяқтарды анықтаумен айналысатын Vklader.com порталы тексерген. Сайттың қорытындысы белгілі: «Векторды» қылмыскерлер құрған. Алаяқтар Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Өзбекстанда, Ресейде және басқа елдерде де әрекет етеді.

«Вектор» сайттың домендік атауын, деректемелерін, мекен жайын үнемі өзгертіп отырады. Фирма азаматтарды алдау мақсатында құрылған.

Ақшаны «қайтару» барысында оның табылғаны анықталады. Бірақ тағы да ақша төлеу керек болады. Бұл алаяқтардың қулығы. Белгісіз біреулерге ақша аудармаңыз.

Осы жылдың мамыр айында киберқылмыскерлер қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембаевтың атынан жалған видео таратқан, онда да жалған брокерлерден зардап шеккен қазақстандықтардың ақшасын қайтару туралы айтылды. Біздің сайт жалған жарнаманы жоққа шығарды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button