Фейк: «Маймыл вирусының ДНҚ-сы COVID-19 қарсы вакциналардан табылды»
Қазнет қолданушылары коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардан маймыл шешек вирусының ДНҚ-сы табылғаны туралы ақпаратты талқылауда. Оны баламалы медицинаның жақтаушы Джозеф Меркола таратуда. Әлеуметтік желілердегі хабарлама – фейк.
Флоридалық (АҚШ) остеопат дәрігер Джозеф Меркола Желіде коронавирус туралы жалған ақпаратты белсенді түрде таратады. Ол екпеге қарсы қозғалыстың мүшесі. Мерколаның пікірінше, басқа вирустық инфекциялар сияқты COVID-19-ды да дәрі-дәрмексіз және вакцинасыз жеңуге болады. Остеопат биологиялық белсенді қоспалар, дәрумендер ішіп, диета ұстануды ұсынады. Айта кетейік, америкалық псевдодәрігер қоспалар мен дәрумендер сатумен айналысады.
Сондай-ақ, Меркола мақалалар жазып, кітап шығарады. Олардың барлығы псевдоғылыми. Кезінде Facebook пен Twitter оның кейбір жазбаларын COVID-19 бойынша қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін жойған.
2021 жылы Цифрлық жеккөрушілікке қарсы орталық «он екі жалған ақпарат» туралы есебін жариялады. COVID-19 бен вакцина туралы жалған хабарламалар тарататын 12 адамнан тұратын топта Меркола да бар.
COVID-19 қарсы вакциналардың құрамы туралы ақпарат әрқашан баршаға қол жетімді болды. АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитярлық бақылау басқармасының (FDA) сайтында осы құрылым мақұлдаған вакциналардың ингредиенттерін көре аламыз.
Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің өкілі Алессандро Файя COVID-19 қарсы вакциналардың құрамында маймылдардың бүйрегінен табылған SV40 вирусы жоқ деп мәлімдеді.
Pfizer ірі фармацевтикалық компаниясы да COVID-19 қарсы вакцинаны әзірлегенде маймыл шешек вирусының ДНҚ-сы пайдаланылмағанын айтты. Резус макакаларда клиникаға дейінгі сынақтар ғана жүргізілген.
Қауесет Sv40-дың таралуына байланысты шыққан. 2007 жылы ауруларды диагностикалау және алдын алу орталығының сайтында жарияланған ақпаратта маймыл шешек вирусы туралы айтылған. Орталықтың мәліметі бойынша, 1955 жылдан 1963 жылға дейін АҚШ тұрғындарына егілген полиомиелитке қарсы вакциналардың 30%-ы SV40 вирусымен ластанған. Сол жылдары бұл вирус вакциналар жасау үшін қолданылған. Кейінірек SV40 жұқтырылған полиомиелитке қарсы вакциналар мен қатерлі ісіктің дамуының арасындағы ешқандай себеп-салдарлық байланыс анықталмағаны туралы ғылыми зерттеулер көп жүргізілді.
COVID-19 қарсы вакцинада маймыл шешек вирусының ДНҚ-сы барын дәлелдейтін бірде-бір ғылыми зерттеу жоқ. Джозеф Мерколаның мәлімдемесі – бұл жай ғана мәлімдеме, оған сенбеген жөн.