Fake News

Манипуляция: «COVID-19 пандемиясының басталғанына ешқандай дәлел жоқ»

Қазнет қолданушылары COVID-19 пандемиясының бар екендігіне ешқандай дәлел жоқ деген ақпарат таратуда. Автордың айтуынша, ДДСҰ сайтында оның басталғаны туралы жарияланған құжат жоқ. Бұл манипулятивті тұжырым және оған сенудің қажеті жоқ. Неге екенін түсіндіріп өтейік.

Алдымен пандемия – бұл бірнеше айда әлем халқының басым бөлігі зардап шеккен кең аумақта таралған жұқпалы аурудың өршуі екенін атап өткеніміз жөн.
Пандемия дауыл, табиғи апаттар, әскери операциялар және басқа да болжанбайтын және шешілмейтін құбылыстар сияқты форс-мажор жағдайларына жатады.
Яғни, осы оқиғалардың барлығы олардың бар екенін растайтын ресми құжаттың бар-жоғына қарамастан басталады, дамиды және жалғасады.
COVID-19 пандемиясы ресми түрде 2020 жылғы 11 наурызда басталды деп санауға болады. Бұл күні ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус баспасөз брифингінде былай деп мәлімдеді:
– «Біз аурудың таралуы мен күрделілігінің деңгейіне, сондай-ақ әрекетсіздік деңгейіне де қатты алаңдаймыз. Сондықтан COVID-19-дың таралуын пандемия деп сипаттауға болады деген қорытындыға келдік. Пандемия – бұл жеңіл қарап, бейберекет қолдануға болатын сөз емес. Егер дұрыс қолданылмаса, ол негізсіз қорқыныш пен күрес аяқталды деп негізсіз бойсұнуға әкелуі мүмкін, ал бұл қажетсіз азап пен өлімге апарады».
Демек, COVID-19 пандемиясының басталуын растайтын құжаттардың жоқтығы туралы хабарламалар оның жоқ екенін дәлелдемейді. Біріншіден, пандемия заңды емес, форс-мажорлық құбылыс және ол растайтын құжаттардың болуына қарамастан басталады. Екіншіден, ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус 2020 жылғы 11 наурызда COVID-19 індетін пандемия деп сипаттау туралы шешім қабылданғаны туралы мәлімдеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button