Fake News

Фейк: «Адамдарды еркінен айыру үшін COVID-19 қарсы вакциналарға люциферин қосады»

Telegram арналарында өзін дәрігермін деп таныстырған әйелдің COVID-19 қарсы вакцинада люциферин бар деп мәлімдеген видеосы тарады. Бұл әр адамға штрих-код беру және суперкомпьютерге қосу үшін жасалады екен. Бұл жалған.

Таралған видео ескі, ол 2021 жылы шыққан. Конспирологиялық теорияны өзін дәрігермін деп таныстыратын Керри Мадей айтады. Бірақ ол остеопат, демек, ресми медицинаға ешқандай қатысы жоқ. Америкалық әйел бірнеше рет ғылыми деректермен манипуляция жасап, адамдарды COVID-19 қарсы вакцинада қауіпті заттар бар дегенге көндірмек болған.

Фактчекерлер Мадейдің мәлімдемелері ғылыми фактілерге негізделмегенін және дәлелсіз екенін көрсетті.

Бұл видеода остеопат люциферин туралы айтады. Оның пайымдауынша, бұл зат адамның егілген-егілмегенін түсінуге мүмкіндік береді. Мұны мобильді қосымшаның көмегімен жасауға болады, тек қандай қосымша екенін Мадей нақтыламайды. Сондай-ақ, ферменттің адамның ағзасына еніп, оны суперкомпьютерге қосатын сәйкестендіру коды бар.

Шын мәнінде, «люциферин» термині жарық шығаратын қосылысты білдіреді. Биолюминесцентті организмдерде – жарық қоңыздарда, ұлуларда және т.б. болады. COVID-19-ға қарсы вакцинацияда люциферин жоқ. Барлық вакциналар туралы мәліметтер баршаға қол жетімді. Moderna, Johnson & Johnson, AstraZeneca, Sputnik V, Sinovac және Pfizer құрамымен танысуға болады.

2020 жылдың шілдесінде Галвестондағы Техас университетінің медициналық бөлімінің вирусологтары люциферазаны қолдана отырып, эксперименттер жүргізді. Ғалымдар осы ферменттің көмегімен COVID-19-ға нақты диагностикалық сынақтар жасап, SARS-CoV-2 вирусы туралы барынша көп мәлімет алмақ болған.

Америкалық остеопат өз сұхбатында бірнеше рет теріске шығарылған басқа да фейктерді айтып өтеді. Атап айтқанда, Microsoft корпорациясы адамдарды бақылау орнату үшін оларға чиптер имплантациялайды. Бұл жалған және нақты фактілермен расталмайды.

Видеода бірде-бір дәлелденген факті жоқ. Керри Мадейдің айтқанының бәрі өтірік.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button