Фейк: «Канадада жеке меншік құқығы жойылды.»
Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, Канадада жеке меншік құқығы жойылды. Бұл туралы елдің әділет министрі Дэвид Ламетти мәлімдеген екен. Бұл рас па? Анықтайық.
Канаданың әділет министрі Дэвид Ламеттидің «Сіздердің жеке меншікке иелік етуге мүлдем қақыңыз жоқ» дегені рас. Алайда, конспирологтар оны контексттен үзіп алып, саясаткердің сөзінің мағынасын өзгерткен.
Ламетти бұл туралы журналистің билікке Канада аумағында халықаралық санкцияларға ұшыраған олигархтардың мүлкіне тыйым салуға және сатуға мүмкіндік беретін C-19 заң жобасы туралы сұрағына жауап бергенде айтқан.
Ол олигархтарды жеке меншігінен айыру процесін мемлекеттік экспроприацияның кез келген басқа процестерімен– мемлекеттік органдардың мүлікті заңды түрде иеліктен шығаруымен салыстырды. Мәселен, салықтарды, мемлекет алдындағы қарыздарды жүйелі түрде төлемеу салдарынан мүліктен айыру немесе меншік иесі жасаған қылмыстарға байланысты мүлікті мемлекет пайдасына тәркілеу.
Канадалық С-19 заң жобасы халықаралық санкцияларға ұшыраған адамдардың да мүлкін алуға мүмкіндік береді. Оларға Канада аумағында жылжымалы және жылжымайтын мүлкі бар ресейлік олигархтар жатқызылды.
Демек, Канадада жеке меншік құқығы жойылды деген мәлімдемелер жалған. Елдің әділет министрі мұндай мәлімдеме жасамаған, ал бүгінде таралып отырған дәйексөз контекстен үзіп алынған және мүлдем басқа тақырыпқа қатысты айтылған.