Видео

Әлеуметтік желілерде шұжықты микроскоппен қарау барысы түсірілген видео тарады

Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар шұжықта микроскопиялық құрттар бар екенін дәлелдейтін роликпен бөлісуде. Бұл видео фейк.

Видеода автор шұжықты турап, микроскоппен қарайды. Кадрда көрермендерге қатты үлкейтілген бейнеде құрттар сияқты жыбырлаған микроағзалар мен қоқыс бөлшектері көрсетіледі. Бұл роликтің бастапқы дереккөзі – «Under microscope» YouTube арнасы, шын мәнінде, бұл әлеуметтік желілер үшін түсірілген бір-біріне ұқсас көп видеоның бірі.

Бұл TikTok-та танымал болған тренд. Ол украиналық қолданушы Роман Камбуров өз арнасында шұжықпен жүргізілген эксперименттің жазбасын жариялап, ондаған миллион қаралым жинағаннан кейін кеңінен таралды.

Осы және кейінгі видеолар микроскоппен тұтас шұжық қаралып жатқандай етіп монтаждалған, бірақ бұл олай емес. Роман Камбуров кейін өз экспериментін әшкерелеп, ролик жариялаған. Ол видеоның фейк екенін мойындайды. Видеоны түсірмес бұрын алдымен шұжықтың кесілген бөлігін әдейі бүлдірген. Ал роликті Петри табақшасындағы құрттарды бөлек түсірген басқа кадрларды қосып, монтаждаған.

Ал басқа пайдаланушылар шұжықтардың қауіпті екенін «дәлелдеу» және танымал тақырыппен қаралымды көп жинау үшін Камбуровтың видеосындағы алғашқы монтажды қолдана бастады.
Демек, таралған видеоға сенбеген жөн. Бұл монтаждалған ролик.
https://www.usatoday.com/story/news/factcheck/2022/05/31/fact-check-false-claim-video-shows-hot-dog-under-microscope/9926025002/
https://fullfact.org/online/hot-dogs-under-microscope/

Басқа жаңалықтар

Back to top button