Пікірлер

Денсаулық сақтау министрлігі мүгедек балаларды емдеу құқығынан айыру туралы ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медициналық оңалтудың жаңа стандартына қол қойғаны туралы ақпарат тарады, оған сәйкес тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар емделу құқығынан айырылады екен. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікірін білдірді.

Пайдаланушылардың айтуынша, медициналық оңалтудың жаңа стандартына сәйкес тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар бұдан былай амбулаториялық оңалтудан өте алмайды. Құжат оларды жолдамаларды жылдар бойы күтуге тура келетін ауруханаларда ғана емдеуге міндеттейді.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы»  № 65 бұйрыққа ата-аналарға арналған комментарийлер
«Медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы»  ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығына қатысты осы құжатта амбулаториялық деңгейде оңалтуды алуға шектеулер жоқ екенін түсіндіреміз.
Мәселен, Стандарттың төртінші тарауына сәйкес үшінші кезеңде оңалту амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі, тәулік бойғы стационарларда және оңалту орталықтарында көрсетіледі. Балаларды медициналық оңалту кезеңділігі халықаралық өлшемшарттарға сәйкес жағдайдың ауырлығына және биоәлеуметтік функцияның бұзылуына байланысты көп бейінді мамандар тобының шешімі бойынша анықталады.
Негізгі ауруды емдеу кезінде амбулаториялық жағдайларда медициналық оңалту клиникалық хаттамаларға сәйкес консультацияны және  оңалту қызметтерін қамтитынын айта кеткен жөн. Амбулаториялық жағдайларда медициналық оңалту тәулік бойы медициналық бақылауды қолдану қажеттілігі болмаған кезде жүргізіледі.
Стандартта медициналық оңалтуға көрсеткіштер келтірілген, бұл ретте осы тармақ оңалту бағыты шкаласының әртүрлі деңгейлерімен амбулаториялық жағдайларда оңалту емін алуды жоққа шығармайды.
Бұл стандартты құрамына ҚР ДСМ-нің физикалық медицина және ересектер мен балаларды оңалту жөніндегі бас штаттан тыс мамандары, «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ оңалту жөніндегі негізгі мамандары, сондай-ақ облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың оңалту жөніндегі бас мамандары кіретін жұмыс тобы әзірлегенін қосымша хабарлаймыз», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ министрлік өкілдері тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар бұрынғыдай амбулаториялық және стационарлық жағдайда оңалтудан өте алатынын жеткізді.

Жаңа стандарттың мәтіні баршаға қолжетімді және кез келген адам онымен таныса алады. Онда ДЦП дертіне шалдыққан балаларға амбулаториялық емделуге тыйым салатын тармақтар жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button