Fake News

Фейк: «ДДСҰ бас директоры вакциналар балаларды өлтіру үшін қолданылатынын мойындады»

Әлеуметтік желілерде ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус COVID-19 қарсы вакциналар балаларды өлтіретінін көпшілік алдында мойындады деген ақпарат таралуда. Бұл ескі фейк.

Тедрос Гебрейесус  COVID-19 қарсы вакциналар біреуді өлтіреді деп мәлімдеген емес.

Ол вакциналар нәресте өлімінің себебі болып табылады деген видео үзіндісі Желіде 2021 жылдың желтоқсанында  тарады. Видеода ДДСҰ бас директоры COVID-19 қарсы вакцинацияда балаларға басымдық беру керек, себебі олар ауру жұқтырған жағдайда асқынулардың болу қаупі жоғары дейді. Бұл ретте ол балаларды вакцинаның бустерлік дозаларымен егу дұрыс емес, өйткені балаларда COVID-19 кезінде асқынулар болмайтынын атап өтеді.

Тедрос Гебрейесус Children – «балалар»  деген сөзде кідіріп қалады. Алдымен ол  «чилдрен» дегеннің орнына «килдрен» дейді, бірақ бірден сөзін түзетті. Нәтижесінде оның айтқандары «кил чилдрен» деп естілді, бұл ағылшын тілінде «балаларды өлтіру» дегенді білдіреді, іс жүзінде айтқысы келгені бұл емес еді. Ағылшын тілі ДДСҰ бас директорының ана тілі емес екенін атап өткен жөн.

Сонымен қатар ДДСҰ өкілі Тедрос Гебрейесус балаларды вакциналармен өлтіру туралы айтпағанын растады. Онда бұл шет тілінде сөйлеген кезде жіберілген қателік екені айтылды. 

Демек, таралған хабарлама жалған. ДДСҰ бас директоры вакциналар балаларды өлтіру үшін қолданылады деп мәлімдеген жоқ.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button