Fake News

Фейк: «Нанның құрамында аса қауіпті у бар»

Әлеуметтік желілерді қолданушылар нанның құрамында әлемнің көптеген елдерінде тыйым салынған аса қауіпті химиялық зат бар екендігі туралы жаңалықтар сюжетімен бөлісуде. Зиянды затпен өңделген бидай дәндерінде у жиналады, осылайша ол ұнға және нанға түседі екен. Бұл рас па? Анықтайық.

Бұл жаңалықтар сюжеті 2012 жылы РЕН ТВ телеарнасында шыққан.
Уланған нан туралы ақпаратты бірқатар БАҚ берді. Ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералды қызмет (Россельхознадзор) қауіпті «бром метил» туралы қауесет жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, біріншіден, бром метил улы емес және оған тыйым салынбаған, екіншіден, оның дақылдарды өңдеу үшін қолданылатын мөлшері адамға зиян тигізе алмайды. 
Бром метил немесе метилбромид – бұл астықты, жемді, ағашты, отырғызу материалын және т.б. фумигациялау үшін қолданылатын кейбір пестицидтердің белсенді ингредиенті.
Бұл зат әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Еуропа мемлекеттері мен АҚШ-та қолданылады. Оны пайдалануға тыйым салынбағанымен, шектеу қойылған. Оның себебі – метилбромид озон қабатын бұзады. Озонды бұзатын заттарды қолдану Монреаль хаттамасымен реттеледі. Қазақстан оған 1997 жылы қол қойды.
Хаттаманың өзі 1987 жылы қабылданды. Бұған дейін метилбромид шектеусіз қолданылып келді және нанмен улану жағдайлары тіркелген жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button