Fake News

Фейк: «Жақын арада қарттарға нәрестенің қанын құюға арналған емхана ашылады»

Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар жақын арада АҚШ-та қарттарға балалар қанын құю клиникасы ашылатыны туралы жазуда. Мұндай процедура ағзаны ерекше жасартып, сауықтырады екен. Бұл жаңалыққа сенуге бола ма? Тексерейік.

Нәресте қанын құю туралы постқа тіркелген видеода бұл іспен айналысатын компанияның атын көрініп тұр. Ол «Амброзия» деп аталады, оның негізін қалаушы – Джесси Кармазин. Компания нарықта 2015 жылдан бері бар, ал қазір жұмысын тоқтатты.

Компанияның қызметі жасарту мақсатында жастардың қан плазмасын ересектерге құю болды. Балалардың қанын емес, жастар өз еркімен тапсырған плазманы. 

Компания АҚШ-та орналасқан, ал бұл елде 17 жастан, ал ата-аналарының немесе қамқоршыларының жазбаша келісімі болған жағдайда 16 жастан бастап қан доноры болуға мүмкіндік берілген.

«Амброзия» компаниясының қызметінде заңсыз ештеңе болмағанына қарамастан, ол ұзаққа созылмады. Компания нарыққа шыққаннан кейін бірден АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасының сарапшылары жастардың қан плазмасын қолдану арқылы жасарту әдісі дәлелденбеген және қауіпті болуы ықтимал деген мәлімдеме жасады. Ведомство дәлелді себептерсіз қан құюды жасамауға және кәсіпкерлердің уәделеріне сенбеуге шақырды.

2019 жылы Джесси Кармазин өз компаниясының жабылатынын жариялады, ал бір ай өткен соң оның атауын IvyPlasma деп өзгертіп, қайта нарыққа шығады.

Дегенмен, интернетте қан құюмен айналысатын осындай компанияның сайты да, әлеуметтік желілерде парақшалары да жоқ. Мекен жайы ivyplasma.com деп жазылған портал блог болып табылады, оның авторы БАӘ-де тұрады және қан құю туралы айтпай-ақ денсаулық туралы жазады. Атаулары ұқсас ресурстардың Джесси Кармазинге және оның жобасына еш қатысы жоқ.

Осылайша, жастардың қан плазмасын егде жастағыларға құю клиникасы – бұл ескі және сәтсіз жоба, ол қазір жоқ.

Жақын арада АҚШ-та нәрестелер қанын қарияларға құя бастайды деген ақпарат ескі және бұрыс ақпаратқа негізделген фейк және манипуляция.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button