Пікірлер

ҚР ІІМ түрмелерде жасөспірім қыздар көп деген ақпаратты жоққа шығарды

Instagram-да тараған роликтің авторы қазақстандық түрмелерде 14 жастан асқан жасөспірім қыздар көп деп мәлімдейді. Олардың барлығы «есірткі жасырғаны» үшін бас бостандығынан айырылған екен. ҚР ІІМ бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған пенитенциарлық мекемелерде 5 қыз бар. Олардың біреуі ғана есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button