Пікірлер

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы нәрестелерге емізік емес, резеңке қолғап беріледі деген қауесетті жоққа шығарды 

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы перинаталогия және балалар кардиохирургиясы орталығында реанимацияда жатқан жаңа туған сәбилерге емізіктің орнына резеңке қолғаптар берілетіні туралы ақпарат тарады. Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасын бұл ақпаратты жоққа шығарды.  

Ведомствоның хабарлауынша, орталықта жатқан бірде-бір балаға емізіктің орнына резеңке қолғап берілмеген.

– Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Перинаталогия және балалар кардиохирургиясы орталығының пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі осы оқиға бойынша тергеу жүргізді. Атап айтқанда, стационарда жатқан жаңа босанған әйелдер мен медициналық қызметкерлерге сұрақтар қойылып, жауаптар алынды, әлеуметтік желідегі осы жарияланымға қатысты барлық бейнекамералар қаралды. Орталық ана мен баланың мәліметтерін алу үшін пост авторына хабарласты. Алайда, автор қандай да болмасын ақпаратты беруден бас тартты. Сондай-ақ барлық жаңа туған нәрестелер аналарының жанында болып, ана сүтін еметінін айта кеткен жөн. Нәресте кювезде, балалар реанимациясында, жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесінің қарқынды терапия палаталарында жатқан жағдайда, оларға неонатолог пен медбикелердің күтім көрсетіп, бақылайды, бейнебақылау жүргізіледі. Бейнежазбаларды қарау кезінде бұл факті расталған жоқ, – делінген Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button