Желіде COVID-19-ды бактерия тудырады деген ескі фейк тағы да таралуда
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде COVID-19 ауруын SARS-CoV-2 коронавирусы емес, бактерия тудырады деген ескі фейк тарады.
Бұл «жаңалық» Татарстан Республикасында ашылған екен. ДДСҰ-ның тыйымына қарамастан, олар КВИ-ден қайтыс болған науқастарды тексеріп, әлемдегі мамандардың қателескенін анықтады.
ДДСҰ COVID-19-дан қайтыс болғандарды тексеруге тыйым салған емес. Керісінше, ұйымның сайтында мұндай науқастарды қауіпсіз тексеру туралы егжей-тегжейлі нұсқаулық бар.
Сонымен қатар аурудың қоздырғышын анықтау үшін марқұмдарды тексеру қажет емес. Пневмониямен ауырған тірі науқастардың биоматериалдарынан патоген үлгісін алған қытайлық мамандар SARS-CoV-2 коронавирусын бөліп алып, сипаттаған.
Кейіннен вирустың геномы толығымен ашылып, көпшілікке жарияланды.
Хабарламада айтылғандай COVID-19-ды аспиринмен емдеу мүмкін емес. Оны Татарстан, Украина, АҚШ және басқа елдердің фактчекерлері жоққа шығарды.
Демек, таралған хабарламаға сенбеген жөн. Онда жазылғанның бәрін белгісіз Желі қолданушысы ойдан шығарған, бұл ақпарат бұған дейін бірнеше рет жоққа шығарылды.