Фейк: «Желіде дала өрттерінің себебі қасақана өрт қою екенін дәлелдейтін видео тарады»
Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар арнайы киімдегі ер адам су айдынында қайықпен жүзіп бара жатып, жағадағы өсімдіктерді өртеген видеосымен бөлісуде. Орман өрті осылай басталады екен. Бұл рас па? Ролик қайдан шықты? Анықтайық.
Суретті кері іздеу құралдарының көмегімен 2023 жылдың 26 сәуірінде X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жарияланған осы видео табылды. Видеодағы ер адам АҚШ-тың балық және жабайы табиғат қызметінің қызметкері екен.
Желіден одан әрі іздегенде осы ведомство қызметкерлерінің иелігінде от шашқыштар бар екені расталды. Алайда, олар жойқын орман өртін қою үшін пайдаланылмайды.
Шын мәнінде, нүктелік бақыланатын өрт шығару әдісі батпақты жерлерде үнемі қолданылады. Осылайша, артық өсімдіктер мен құрғақ шөптер жойылып, балықтар, жануарлар мен құстардың тіршілік ету ортасы босатылады, аймақты арамшөп басса, олар жойылып кетер еді.
Атап айтқанда, таралған видеода 2023 жылдың ақпанында Калифорнияда Сакраменто аумағында батпақты жерлерде өсіп кеткен өсімдіктерді нүктелік өртеу процесі көрсетілген.
Бұған дейін AFP порталы жойқын орман өрттерін адамдар қасақана қояды деген қауесетті жоққа шығарған болатын.
Мұның бәрі таралған видео әдейі өртеу туралы теорияны дәлелдемейді, онда АҚШ-тың балық және жабайы табиғат қызметінің қызметкерлері батпақты жерлерді өсімдіктер мен құрғақ шөптен тазарту бойынша жүргізетін күнделікті жұмыс көрсетілген.