Fake News

Фейк: «Балаларды чиптеу теледидарда жарнамалануда»

Әлеуметтік желілерде адам саудасының алдын алу мақсатында кішкентай балаларды чиптеу туралы айтылған ағылшын тіліндегі бағдарламаның үзіндісі тарады. Жаңалықтар сюжетінде не туралы айтылады? Түсіндіріп өтейік.


Жаңалықтар жүргізушісі GAChip деп аталатын бағдарлама туралы айтады. Бұл бағдарлама полиция органдарына бала жоғалған жағдайда оны барынша тез табуға көмектесуге арналған, бірақ қандай да бір затты тері астына енгізу жайлы сөз болған жоқ.
Бағдарламаның толық атауы – Georgia Child Identification Program. Мамандар баланы жан-жағынан түсіріп, бірнеше сурет жасайды, оның дауысының үлгілерін, саусақ іздерін, ДНҚ және бой, салмақ, шаш түсі және басқа да белгілер бойынша негізгі ақпаратты алады.
Бұл деректер дискіге немесе басқа тасымалдаушыға жазылып, баланың ата-анасына беріледі. Қажет болса, ата-аналар тәртіп сақшыларына жоғалған баланы мүмкіндігінше тез табу үшін ақпарат тасымалдаушыны полицияға ұсынады.
Айта кетейік, тасымалдаушыға жазылғаннан кейін бала туралы барлық ақпарат компьютерлерден өшіріледі. Осылайша, кәмелетке толмағандардың деректері тек оның ата-анасына немесе дискіні алған заңды қамқоршыларына ғана қол жетімді болады.
Демек, жаңалықтар бағдарламасында балаларды чиптеу жарнамаланбаған. Онда жоғалған жағдайда баланы табуға көмектесетін кәмелетке толмағандарды сәйкестендіру бағдарламасы туралы айтылды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button