Fake News

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Telegram-бот арқылы жеке деректерді жинамайды

Қазнетте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске қосқан жаңа Telegram-бот туралы хабарлама таратылуда. Хабарлама авторларының айтуынша, бағдарлама төленуі мүмкін әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алуға көмектеседі.

Министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды.

– Белгісіз тұлғалар азаматтарға ықтимал әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу үшін ЖСН мен ұялы телефон номерін жіберуді ұсынатын i42500enbekkz_Bot Telegram-боты фейк болып табылады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұндай Telegram-боттарды іске қосқан жоқ. ҚР ЕХӘҚМ қызметкерлері азаматтардан жеке ақпарат сұрамайды, – делінген ведомствоның ресми баспасөз хабарламасында.

Министрлік өкілдері тек ресми дереккөздерде жарияланған ақпаратқа ғана сенуге шақырады және жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске салады.

Бұған дейін StopFake.kz алаяқтардың жеке ақпаратты не үшін жинайтыны туралы жазған болатын. Осылайша, олар қосымшалар мен желідегі төлем деректері мен жеке шоттарға қолжеткізеді. Мұндай әрекеттер фишинг деп аталады. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button