Fake News

Фейк: «Ғалымдар иммунитеті төмен адамдарға ғана бетперде тағуға кеңес береді»

Қазнет пайдаланушылары жақында жарияланған зерттеу нәтижелерімен бөлісуде. Бұл маскалардың денсаулыққа қауіпті екенін дәлелдейді, сондай-ақ оларды тек иммунитеті төмен адамдарға ғана тағу ұсынылады екен. Бұл өтірік.

Таралған хабарламада осы жылдың 18 шілдесінде Nature журналында жарияланған зерттеу туралы айтылған. Оның авторлары маскалардың қауіпті-қауіпсіз екендігін емес, маска таққанда жиналатын саңырауқұлақтар мен бактериялардың өсуі мен қауіптілігін зерттеген.
Жұмыстың мәтінінде былай деп жазылған: «Масканы ұзақ уақыт қолдану бактериялар колонияларының емес, саңырауқұлақ колонияларының санын едәуір арттырды. Анықталған микробтардың көпшілігі адамдар үшін патогендік болмағанымен: Staphylococcus epidermidis , Staphylococcus aureus және Cladosporium, бірнеше патогенді микроб табылды: Bacillus cereus , Staphylococcus saprophyticus, Aspergillus және Microsporum . (….) Біз иммунитеті төмен адамдарға микробтық инфекцияның алдын алу үшін масканы қайта пайдаланбауға кеңес береміз».
Зерттеуде маска тағудың қауіпті екендігі айтылмаған. Онда тек бір реттік маскаларды уақытылы ауыстыру немесе қайта пайдалануға болатын маскаларды жуу қажеттілігіне баса назар аударылған.
Айта кетейік, мұндай пікірлер жаңалық емес.
Бір реттік маскаларды қайта қолдануға болмайтыны туралы COVID-19 пандемиясының басында айтылды.
Масканы ауыстыру және жуу жиілігі сипатталған маска тағу бойынша ұсыныстар ДДҰ және Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ресми сайтында жарияланған.
Демек, ғалымдар тек иммунитеті төмен адамдарға ғана бетперде тағуға кеңес беретіні туралы ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button