Fake News

Қазнетте антибиотиктен қайтыс болғандар туралы ескі фейк тағы да таратылуда

WhatsApp-та Алматының дәріханаларына 18 адамның өліміне себеп болған «Цефтриаксон» антибиотигі түскені туралы ақпарат тарады. Бұл ескі фейк.


Биыл қаңтар айында қазақстандықтар дәл осындай хабарлама таратқан болатын. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарды.

«Цефтриаксонның» жағымсыз әсері салдарынан көз жұмған пациент туралы карт-хабарламалар (сары карталар) тіркелген жоқ. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментіне мұндай шағымдар түскен жоқ», – деп хабарлады ведомстводан.

Цефтриаксон – кең спектрлі III буындағы жартылай синтетикалық антибиотик. Ол әртүрлі инфекцияларды, сепсисті, менингитті және басқа бактериялық ауруларды емдеу үшін қолданылады. Сирек жағдайларда Препарат кейбір жағдайларда ауыр аллергиялық реакция, тіпті анафилактикалық шок тудыруы мүмкін, бірақ бұл сирек болады және препараттықабылдағандардың жаппай өлім туралы хабарланған жоқ.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button