Fake News

Фейк: «Қазақстанда келесі жылдан бастап педагогтардың еңбекақысы 30% қысқарады»

WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтар жаңа жылдан бастап педагогтардың еңбекақысы қысқаратыны туралы ақпарат тарады. Хабарламада еңбекақының 25% өскеніне қарамастан, жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ бергені үшін 30% тең қосымша төлемдер алынып тасталатыны айтылған. Демек, мұғалімдердің табысы 5% төмендейді. Бұл жалған.


Бұл туралы ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды.

– Жаңартылған білім беру мазмұны үшін қосымша ақы бұрынғыдай төленеді. Сонымен қатар, келесі жылдың қаңтар айынан бастап Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша педагогтардың еңбекақысы тағы 25% көтерілетінін еске саламыз. Айта кетейік, 2020 жылы педагогтардың еңбекақысы 25%, 2021 жылы тағы 25% өсті. Бұдан бөлек, Президенттің қолдауының арқасында, біліктілік санаты үшін қосымша ақы 30-50% дейін ұлғайтылды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Сондай-ақ ол мұғалімдерге дәптерлерді тексеру және сынып жетекшілігі үшін үстемеақыны екі есеге арттырылғанын, сондай-ақ тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу сынды жаңа санат пайда болғанын атап өтті.
Ел Президентінің тапсырмасы бойынша Білім және ғылым министрлігі педагогтардың еңбегін ынталандыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізуде. Барлық шаралар білім беру ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған. Педагогикалық бағыттар бойынша оқытудың тартымдылығын арттыру үшін осы мамандықтар бойынша білім алып жүрген студенттердің шәкіртақысы биыл қыркүйек айынан бастап 42 мың теңгеге дейін көтерілді.
Министрлік қазақстандықтарды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге және Желіде тараған қауесеттерге назар аудармауға шақырды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button