Конспирология

Фотофейк: «Ватиканда жылан көзінің мүсіні орнатылды»

Танымал Telegram-каналдарда Ватиканда орнатылған жылан көзі түріндегі мүсіннің фотосуреті тарады. Пайдаланушылардың пікірінше, мұндай мүсін жынға табынудың белгісі. Мұның бәрі өтірік.

Суретті кері іздеу құралдарын қолдана отырып, біз Желіде мұндай фотосуреттер көп екенін анықтадық. Тек олардың ешқайсысында мүсін жыланның көзіне ұқсамады. Шын мәнінде, ол жер шары түрінде жасалған, ал «көздің қарашығы» қолданушылар графикалық редакторларда салған.

Мүсін Ватиканда емес, Польшада орналасқан. Ол Краковтағы Құдайдың мейірімділік ғибадатханасында орнатылған. Туристік порталдарда арт объектінің сапалы фотосуреттері бар.
Демек, Ватиканда жылан көзінің мүсіні жоқ. Біріншіден, фотосурет Польшада түсірілген, екіншіден, мүсін Жердің моделі болып табылады, ал көздің қарашығы графикалық редакторлардың көмегімен салынған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button