Пікірлер
ҚР Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техника жөнелту туралы хабарламаны жоққа шығарды
Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде 2023 жылғы 6 сәуірде Қарағанды облысында Ресейге жөнелтілген әскери техника түсірілген видео тарады. Бұл хабарламаны ҚР Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды.
– Әлеуметтік желілерде тараған қазақстандық әскери техниканы Ресейге жөнелту туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желілерде таралған видеода көрсетілген техника жауынгерлік даярлық бойынша жоспарлы жаттығулардан қайтып келе жатыр. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 27 тамыздан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынды», – деп хабарлады ведомстводан.